#Жамбыл: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мейірімділігі насихатталды

#Жамбыл: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мейірімділігі насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы «Бектөбе» мешітінің имамы Танатаров Ғани  бесін намазына мешітке келген жамағатқа Мәуліт айына сәйкес, «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мейіріміділігі» деген тақырыпта керемет уағыз өтбітті. Адамзаттың асылы, ардақты Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) біздерге пайғамбар ретінде жіберілуі – Алла Тағаланың адамзат баласына деген үлкен нығметі мен мейірімі.                                  

Расымен де, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бүкіл ғұмырымен адамзатқа мейірімділіктің ең үлкен үлгісі бола білді. Екі жиһан сұлтанының мейірімділігі – тек қана адамзатта ғана емес, барлық болмысты қамтыды. Өзіне қаншама жапа шектіріп, жақын жолдастарын азаптап, мазақ етіп, қол жұмсағандар үшін де: «Уа, Алла! Қауымымды кешіре гөр, олар  шынымен де білмейді»,-деп дұға тіледі.  Уағыз соңында ауыл имамы мешіт жамағаттарының қойған сұрақтарына жауап берді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: