Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен әйелдер жамағатына арналған Мәуліт рухани кеші өтті.
Алланың кәләмі Құран Кәріммен басталған жиынды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев ашып берді. Бас имам Мәуліт мерекесі, білім алудың маңыздылығы, ұстазды сыйлау жайлы сүбелі насихат айтты.
Сауат ашу курсының шәкірттері діни мазмұндағы монолог оқып, аят, хадистермен қуаттады. Жүргізушілер діни ән, қойылым қойған шәкірттерді хабарлап, қыздар бар өнерлерін көрерменнің жүрегіне иман дәнін жеткізу үшін паш етті. Шәкірттер "Салауат айтудың артықшылығы" және "Пайғамбарға (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сағыныш деген әсерлі көрініс көрсетті.
Сектор жетекшісі Гүлжан Серікқызы көпшілік алдында сөз сөйлеп, Алла елшісінің ғибратты ғұмыры жайлы уағыз айтты.
Көпшілік ақ дастарханда бас қосып, ақ жаулықты әжелер батасын берді. Әйелдер жамағаты рухани нәр алып, тамаша кештің куәсі болып қайтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



07 Ноябрь 2025
16 Джумада-авваль 1447

