Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесінің құрметіне "Мейірім Пайғамбары - Мұхаммед" атты рухани кеш өтті.
Игі жиында ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша Бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен Тараз қалалық "Әулие-ата" мешітінің бас имамы Орынбасар Дәуренбеков ортаға шығып сөз сөйлеп, ҚМДБ және "Зекет" қорының "Ел үлесі пәтерге" жобасы аясында 3 тұрғын үй және жаңа құрылған "Әулие ата" - "Һибатулла Тарази" қорының атынан 1 үй берілетінін айтып сүйіншіледі.
«Әулие-ата – Һибатулла Тарази» қайырымдылық қоры бүгіннен бастап, облысымыздағы көпбалалы отбасыларға баспана беруге, науқас жандарға және «Һибатулла Тарази» медресе-колледжіне көмектесуге бар күшін салады. Қордың басты ұраны «Барлық қайырымдылық көмек-жәрдемдер Жамбыл облысына көрсетілсін» деп бекітілді.
Сахнаға 469, 470, 471, 472-ші баспаның иелерін шақырып, кілтін табыстады. Айта кетейік үй "Зекет" қоры, аудан имамдарының мұрындық болуымен және демеушілердің қолдауымен, әрі Мәуліт кеші билетінің қаражаттарына алынды.
Баспана кілті Жамбыл ауданы, Қордай аудандарының тұрғындарымен қатар ауылдық мешітке имам болып барған жас маманға да табысталды.
Сонымен қатар "Әулие-ата - "Һибатулла Тарази" қайырымдылық қоры құрылығанын жеткізген имамдар қордың жетекшісіне құжаттарды салтанатты түрде табыстады. Айта кетейік, енді барлық дүкендерде аталған қордың қайырымдылық жәшіктері тұратын болады. Ал қор елдің садақа деп салған аманатын мұқтаж отбасыларға осындай үлкен көлемді көмек ретінде жеткізіп отырады. Қор жаңадан ашыла салып, 1 баспана сыйлады. Ол зор қуаныш!
Алла алқымыздың осындай қуанышын еселей түссін!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



07 Ноябрь 2025
16 Джумада-авваль 1447

