#Меркі ауданы: "Тағдырға иман" уағыздалды

#Меркі ауданы: "Тағдырға иман" уағыздалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Қасымалиев Батырбек Жақсымбетұлы мешітке келген жамағатқа иман негіздерінің бірі болған «Тағдырға иман» тақырыбында уағыз айтты. Уағыз арасында имам:

"Бүгінгі тақырыбымыз иман шарттарының бірі - «тағдырға сену» мәселесіне арналмақ. Ақида ілімінде тағдыр мәселесі «әл-қада уә әл-қадар» деген атау алған. «Әл-Қада» деп Алланың аспан, жерді жаратпастан бұрын қияметке дейін болатын бүкіл істі жазуын атаса, «әл-қадар» деп сол жазылған дүниелердің уақыты келгенде көрініс табуына айтылады.  

«Абдулла ибн Масғуд (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) былай деді: «Сендердің әрбіріңнің ана құрсағында жаратылуларың қырық күннен тұрады. Ұрық алдымен (қырық күнде) тамшы, (қырық күнде) ұйыған қан, сонан соң (келесі қырық күнде) кесек ет болады. Осыдан кейін ана құрсағындағы балаға періште жіберіледі де, ол балаға жан беріп, төрт нәрсені белгілейді:1) ризығын; 2) қанша өмір сүретінін; 3) істейтін амалын; 4) бақытты не бақытсыз болатынын»"- деп айтты.

Уағыз барысында «Тағдырға» байланысты мәселелер айтылып, келген жамағат өз сұрақтарына тұшымды жауаптар алып, осы мұсылман үмметінің екі дүниесіне бақыт тілеп, қабыр, тозақ және ақырет қиыншылықтарынан бір Алла өзі сақтасын деп дұға жасалып тарқасты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: