Айша (оған Алла разы болсын) анамыз айтты: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)» ауыл аймақтарда мешіт салынуын, олардың таза ұсталуын және хош иіспен жұпарлы болуын әмір етті». Сол секілді Әбу Һурайра (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Алла Тағалаға елді мекеннің ең көрікті жерлері-мешіттер».
Жақында Шу ауданының бас имамы Бахтияр Әміреев Далақайнар ауылына барып, ауылдық мешіттің ахуалымен танысты. Мешіттің іші-сыртымен танысып, атқарылған жұмыстарды зерделеген Бахтияр Амантайұлы жергілікті жамағатпен жүздесіп имандылық, теріс ағымдардың алдын-алу, оларды тану турасында уағыз-насихат жасады.
Дүйсенғали Көдебай имамдық ететін мешіттің жамағаты бас имам сапарына алғыстарын жеткізіп, өздерін рухани тұрғыда толысып қалғандарын жеткізді.
Байжан ЕМБЕРДІ,
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі



07 Ноябрь 2025
16 Джумада-авваль 1447

