Құран-адамзат баласына ақ пен қараны айырушы, тура жол нұсқаушы ретінде түскен. Онымен байланысты барлық нәрсе құрметке бөленеді. Жәбрейіл періште уахи себепті үлкен дәрежеге ие болды.Сол секілді соңғы Пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Құран түскен себепті бүкіл әлемге елші ретінде жіберілді. Рамазан айы Құран түскен айы ретінде құрметті.
Ал, Алла елшісінің сөзінде: Құранды үйреніп басқаға үйреткендерін ең жақсыларын деп айтқан болатын. Жалпы Құранға байланысты көптеген аяттар мен хадистер бізге жеткен.
Отбасы ұйытқысы саналатын әйелдер қауымы Құранды оқып, оны жаттаса онда ұрпағымыз ұсақталмайтыны анық. Ондай жандар Шу ауданында барына шүкіршілік етуге болады. Шу аудандық «Жәми» мешітінің қыз-келіншектері секторының ұстазы Бекмембетова Сәуле қари Нұрсұлтанқызы алған біліміне амал етіп, оның нәзік жандыларға үйретіп келеді.
Айта кетерлік жайт, Сәуле Нұрсұлтанқызы Тараз қаласындағы «Әбу Бәкір ас-Сыдық» мешітінде өтіп жатқан облыстағы қыз-келіншектері арасында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша өтіп жатқан сауапты сайысқа қазы ретінде қатысуда. Ұстазымызға Алла сөзін жаттап, оқушыларға әділ бағасын беруге Алла қуат берсін деген тілек білдерміз.
Байжан ЕМБЕРДІ,
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі



09 Ноябрь 2025
18 Джумада-авваль 1447

