Құран – барша әлемге (күллі жындар мен адамдарға) ескерту болған ұлы кітап. Қасиетті Кітапта: «Бүкіл әлемге бір ескертуші болуы үшін құлына (жақсы мен жаманды айыратын) Құранды түсірген Алла өте жоғары» делінген. («Фұрқан» сүресі, 1-аят).
Ал Алланың кәләмін жаттап өскен қыз баласы болашақта ұрпаққа жақсы тәрбие берері анық. Осы қасиетті Құранды жаттап жүрген қыздар арасында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен облыстық Құран сайысы өтті.
Білім додасына Ислам ғылымдарының PhD докторанты Зейнеп Жәдігерқызы, Шу аудандық "Жәми" мешітінің ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы, Қари-хафыз Мадина Мұхтарқызы төрелік етті.
Шараны сектор жетекшісі Гүлжан Серікқызы өз сөзімен бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қыздар жарты пара, 1 пара және мәнерлеп оқу бойынша сынға түсті. Жарты пара бойынша 13 жасқа дейінгі балдырғандар қатысса, қалған номинациялар бойынша жас шектеулігі қойылмады.
Қатысушылардың жатқа әрі мәнерлеп оқуы, мақамы, тәжуид ережелері қадағаланды. Тараз қаласындағы «Әбу Бәкір ас-Сыдық» мешітінде өткен сайыста 53 үміткер бақ сынап, төмендегі орындар бойынша жеңімпаздар анықталды.
Жарты пара:
1 орын - Шерниязова Айжан
2 орын - Кеңесбек Айша
3 орын - Мырзагелді Салиха
1-пара:
1 орын - Сингатулина Зайнаб
2 орын - Кемелбек Рабия
3 орын - Оразбек Хадия
Мәнерлеп оқу:
1 орын -Сингатулина Зулейха
2 орын - Сулейманова Замзам
3 орын - Сингатулина Салиха
Барлық қатысушыларға сыйлық жасалып, жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



09 Ноябрь 2025
18 Джумада-авваль 1447

