Тұрар Рысқұлов ауданы Қызылшаруа ауылының орта мектеп оқушыларымен «Рухани тәрбиенің маңыздылығы» атты іс-шара өтті. Кездесуді ауылдың имамы Кенжебай Құрақбаев жүргізді.
Ауыл имамы рухани тәрбиенің қазіргі жастарға ауадай қажет екенін жеткізумен қатар, сананы тұрмыс билеген заманда ихсан ілімін насихаттау – аса маңызды істің бірі екенін жеткізді. Расында күнделікті күйбең тіршілік, отбасындағы мәселелер адам баласының рухани жан-дүниесіне әсер етпей қоймайды. Пенде қуаныш мен қайғыда көптеген эмоциялық сәттерді бастан кешеді. Осы сәттерде оның иманы, Аллаға деген тәубесі мен тәуекелі мұсылманға, былайша айтқанда, жақсы адамға тән байсалды әрі парасатты ұстанымда болуға тікелей әсер етеді. Осы ретте ихсан ілімі рухани кемелдену жолы екенін баса айта кеткен абзал.
Ихсан іліміне ден қойған пенде рухани кемелденуге қадам басатыны хақ,- деді. Кездесу соңында мектеп оқушылары көкейде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды. Имам мектеп ұжымына өз алғысын айтып, ықыласын білдірді.
Тузелбеков Қуаныш
Т. Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөзі



09 Ноябрь 2025
18 Джумада-авваль 1447

