#Меркі ауданы: Ауыл имамы аудандық айтыста шеберлігін көрсетті

#Меркі ауданы: Ауыл имамы аудандық айтыста шеберлігін көрсетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен №9 Меркі көпсалалы колледжінің акт залында «Тәуелсіздік - жыр басы» атты Тәуелсіздіктің 30 жылдығы,  Сыпатай Әлібекұлының 240 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай ақындар айтысы өтті.

 Ақындар айтысына Меркі ауданы, Екпінді ауылы «Рахымбай ата» мешітінің имамы Абдуманап Дулат Талғатұлы мен қатар жеті ақын қатысып, екі айналым жасады.

Әділқазылар алқасы ақындардың өнерін саралап, тиісті орындарын белгілеп, қаржылай сыйлықтарын табыс етті. Мұқағали Балтабай өзінің төселген ақын екендігін, Адабаева Аружан келешегінен үміт күттіретін шайыр өнерпаз боп өсіп келе жатқандығын көрсетті. Көрермен көңілінен шығып айтыс өз дәрежесінде өтті.

Абдуманап Дулат, Керамадин Жанқуат бәйгеге терін шығармай-ақ түсе алатындықтарын дәлелдеді. Әділқазылар алқасының айтқан сын ескертпелерін дұрыс қабылдап, келесі айтыстарда шеберліктерін шыңдай түсетіндіктеріне сенім білдірді. Алқа мүшелері осындай іс-шараларға көпшілік қауым жағынан да қолдау керектігін және бұдан да жиі өткізіліп тұрғандығын қалайтындықтарын айтты.

Әділқазылардың шешімі бойынша бас жүлдені - М. Балтабай;

І орын - А. Адабаева;

ІІ орын - Ж.Керамадин;

ІІІ орын - Абдуманап Дулат иеленді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: