#Жамбыл: Имамдарға ихсан насихатталды

#Жамбыл: Имамдарға ихсан насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы «Ихсан ілімін» ауыл имамдарына насихаттады.

Кездесуде ауданның бас имамы ауыл имамдарына «Ихсан: Рухани тәрбие негізі» атты кітапты ауыл имамдарына үлестіріп, имамдарға «Ихсан ілімін» ауыл арасында кеңінен насихаттау керектігін тапсырды.

Діни басқарманың негізгі міндетінің бірі – мұсылман тәрбиесін беру. Осы ретте айтатыным, мүфтият өз міндетін ойдағыдай атқарып келеді. Оның жарқын мысалының бірі – қолымызға тиген «Ихсан – тәрбие негізі» кітабы.

Бұл кітап адам баласын тәрбиелеуге, Хәкім Абай айтқан «Толық адам» концепциясына негізделген». Тақуа пендеге Алланың берекесі нәсіп болады және жақсы мен жаманды айыратын қабілет пен білім береді. Алла Тағала баршамыздың тақуалығымызды арттырып, екі дүние нығметіне бөлесін!

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: