Тараз қаласында орналасқан 1-ші аймаққа қарасты "Кеңесхан қажы", "Хамрақұл", "Нәметбай", "Миразиз ата", "Әбдіқадыр", "Тохта бибі", "Мырхалық" мешіттерінің имамдары мен жамағаттарының атсалысуымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
"Кеңесхан қажы" мешінде өткен игі шарада жомарт жандардың ұйытқы болуымен 15 адамға көмек көрсетілді.
1-ші аймақ мешіттеріне жауапты имам Қанат Әділханұлы келген көпшілікке насихат айтып, қайырымдылық пакеттерін үлестірді. Мешіттен азық-түлік алған отбасылар шын жүректен алғыстарын айтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі