Мойынқұм ауданы «Мойынқұм» мешітінде Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у) арнап мәуліт жыры оқылды.
Робиғуль әууәль айының 12 – ші жұлдызы Алла елшісі (с.а.у) дүниеге келген күн. Әрбір мұсылман жанның көңіліне қуаныш шаттығын сыйлайтын бұл күнде Алла елшісіне арнап салауаттар айтылып, рухына құран бағышталады.
Осындай қуанышты күнді «Мойынқұм» мешітінің жамағаты да мешітке жиналып, мәуліт оқып, мерекелік дастарханнан дәм таттып, қариялар жастарға өнегелі тәлім-тәрбиелі өсиеттерін айтып бата беріп дұға жасады. Алла келер жылғы мәулітке аман-есен жетуімізді нәсіп етсін.
Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі