#ТАРАЗ: Жастарға жат ағым түсіндірілді

#ТАРАЗ: Жастарға жат ағым түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы «Көне Тараз этно-мәдени кешені» Ш.Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығы ғимаратында «Діни экстремизм мен терроризм-татулықтық қас жауы» атты кездесу болып өтті.

Кездесуге Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының, Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері және Тараз өңірлік университетінің филология, тарих факультеттерінің 1-курс студенттері қатысты. Қонақтарға сөз сөйлеген Тараз қаласының бас имамы Дауренбеков Орынбасар мен қалалық «Әулие ата» мешітінің наиб имамы Хусаинов Алтынбек және Діни экстремизмге қарсы насихат бөлімінің инспекторы Ақмарал Берікқызы, Ақпараттық түсіндіру бөлімінің иснпекторы Майя Қанатқызы жат ағымдардың зиянын түсіндіріп олардан аулақ болу керектігін жеткізді.

Өз сөзінде тәжірибелі дін мамандары жат ағым жетегінде кетпеу үшін 4 нәрсеге мән беру керектігін атап айтты. Олар ресми сайттардан ресми ақпараттар алу, ресми орындардан тәлім үйрену, ресми кітаптар және ресми адамдардан білім алу адастырмайтынын жеткізді.

Кездесу соңы Ш.Мұртаза орталығы ұжымы қонақ имамдарды Шер ағамыздан қалған мұралармен таныстырды.

"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: