«Рабиғул әууәл» ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі жаусын) жарық дүние дидарын көрген ай. Оның үмметі болу көптеген үмметтерге арман. Оның шапағатына ие болып, Кәусәр бастауына шақырулы барша мұсылманға мақтаныш болмақ. Оның сөзі Алладан келген хабар. Оған Қасиетті Құран 23 жыл бойы үздіксіз түсіп, бүкіл әлемдерге рахмат үшін жіберілген. Оны құрметтеу, есімін естігенде салауат-сәлем жолдау міндет. Алла Тағала Құранда: Алла оның періштелері Пайғамбарға салауат жолдайды, әй иман келтіргендер сендерде салауат айтып, сәлем білдіріндер деген.
Осыған сәйкес Шу ауданы «Кәрібай молда» мешітінде Мәуліт мерекесіне орай жамағатқа дастархан жайылып, ардақты Расулымыздың өмірбаяны оқылды. Жиналғандарға оның ғибратты ғұмырынан сұрақтар беріліп, дұрыс жауап иелеріне сыйлықтар берілді. Мешіт имамы Нұржан Қалиев жиын соңында салауат айтудың артықшылығына тоқталып, шараға белсене қатысқан жандарды Алғыс хатпен марапаттады.
Байжан Емберді,
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі