Аудандық «Меркі ата» мешітінде бас имам Қанат Талғатұлының бастауымен мешіт айналасы тазартылып, сенбілік ұйымдастырылды.
Қасиетті Құранда Кәрімде: «Алланың мешіттерін шынымен Аллаға және ақырет күніне сенген, намазды толық өтеген, зекет берген, тек қана Алладан қорыққан адамдар ғана ұстайды. Міне, солардың тура жол табушылардан болуы үміт етіледі» («Тәубе» сүресі, 18-аят), - делінеді.
«Тазалық иманның жартысы. Исламда тазалыққа баса мән берілген. Мешіт айналасы таза, көркем, әдемі болуы тиіс. Біз мешіт маңының тазалығын басты назарда ұстаймыз. Тазалық жұмыстары үздіксіз жүріліп тұратын болады», - дейді сенбілікті ұйымдастырушылар.
Мешіт ауласын тазалау үшін, уақыт тауып келген жүректері иманға толы осы жандарға Алла Тағала 2 дүние жақсылығын нәсіп етсін дегіміз келеді.
«Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі