Меркі ауданы: Бесін уағызы өз жалғасын табуда

Меркі ауданы: Бесін уағызы өз жалғасын табуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы орталық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Қанат Талғатұлы бесін намазына жиналған жамағатқа қасиетті Құран кәрім аяттарының түсіндірмесін, оның ішінде «Бақара» сүресінің аяттарын ашықтап, түсіндіріп берді.

Өз сөзінде: "Бұл аяттарда Бәни Исраил қауымының Алланың ашуына ұшырауының себептері баяндалған. Оларға Алла Тағала Мұса ғ.с пайғамбар етіп, оған Тәурат деген кітапты түсірді. Олар ол кітаптан бас тартып, қарсы шығып, өз дегендерін істеп Алланың ашуына қалды. Бізде олардың тауқыметін кешпес үшін, Құранды мықтап ұстанып, өмірімізді осы кітаппен байланыстырып, осы қағидалармен ғұмыр кешуіміз керек, "- деп аяқтады.

Уағыз соңында осы дінде тұрақты болуымызды Алладан тілеп, шынайы мұсылман үмметі болуымыз үшін дұға жасады. Жұртымыз аман, еліміз тыныш болсын деп тарқасты.

Меркі ауданы, «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: