Қордай аудандық мешітінің наиб имамы Дәурен Нұржанұлы 9 сынып оқушыларымен аудандық кітапханада кездесу өтті.
"Экстремизм мен терроризм" тақырыбында өрбіген насихат барысында дін маманы экстремизмнің шығу тарихы, қоғамға алып келген зияны, ұстанушылардың дәстүрлі діннен айырмашылығы, қаупі, теріс пиғылдың мақсаты жайлы нақтылап айтты.
Имам мұндай ағымдардан сақтану үшін діни сауатты болудың маңызын тілге тиек етті. Діни сауаттылықтың рухани иммунитет болатынын жеткізіп, жастардың сауалдарына жауап берді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі