Тұрар Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылдық әкімшілігінде кездесу өтті. Шараға "Экстремизм мен терроризмнің қоғамға қаупі" тақырыбы арқау болды.
Кездесуді "Ақыртөбе" мешітінің имамы Нұрпейсов Батыр жүргізді. Кездесуге ауыл әкімшілігінің қызметкерлері мен қоғамдық жұмыс қызметкерлері қатысты.
Батыр имам жат ағымдардың қоғамға тигізіп жатқан қаупіне, әсіресе жастарға тигізер зиянына кеңінен тоқталды. Жиналысқа қатысушыларды теріс ағымның идеологиясынан сақтануға, одан аулақ болуға шақырды.
Т.Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі