Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Сұлтаншарип қажы аудандық баспасөзге сұхбат берді. Аудан бас имамымен аудандық баспасөз тілшісі Мөлдір ханым тілдесті.
Сұхбатта қазіргі уақыттағы түйіткілді тақырыптар қозғалды. Сонымен қатар, мешіт қызметкерлерінің екпе салдыруы, Жарлысу ауылында орын алған оқыс оқиға да сөз болды.
Бас имам әрбір қойылған сұраққа кеңінен тоқталып, тұщымды жауап берді.
Қуаныш Тузелбеков
Т.Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі