Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Сортөбе ауылының жамағатымен бесін намазында кездесу өткізді.
Бас имам көпшілікке деструктивті ағымдардың зияны, олардың дәстүрлі дін ұстанушылардан айырмашылығы, ұстанымның маңызы жайлы уағыз айтты.
"Деструктивті діни ағымдар барлық тарихи кезеңдерде қоғамды ыдыратушы құрал ретінде өз белсенділігін жоғалтпаған. Саяси мүдделер мен қаржыны мақсат еткен діни ағымдар бүгінде технологияның жетістіктері арқылы прозелитистік әрекеттерін жаһандық деңгейде жүзеге асыруға қол жеткізді. Халықаралық экстремистік ұйымдар қажетті қаржылық және адам ресурстарымен жабдықталған, трансұлттық деңгейде қанатын кең жайған дербес жүйеге айналып отыр," - дейді имам.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі