Жамбыл ауданы Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінің имамы Керимов Айтжан бесін намазында мешітке келген жамағатқа «Отбасы құндылықтары» тақырыбында насихат айтты. Шындығында, отбасы дегеніміз – барлығымыдың жүрегімізге жақын сөз. Отбасы бала тәрбиесінің ұйтқысы екендігіне ерекше тоқталады. Тәрбие бастауы отбасыдан басталады. Отбасы тәрбиесінің тамаша үлгісінен ұлағатты ұрпақ өсіп шығады. Халқымыз тектілікке ерекше маңыз берген. Текті болу дегеніміз-өнеге мен әдептіліктің ғасырларға жалғасқан үрдісін сақтауға жатады.
Қазақ халқында ислам дінімен ұштасқан, тамаша қалыптасқан отбасылық тәрбиенің озық үлгісі бар. Тәрбиенің бұл тамаша озық үлгісі ғасырлар сынынан өткен, ұлағат пен өнеге сіңген зор тағылымдардың құндылығының жиынтығы деуге болады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі