Жамбыл ауданында Жамбыл облысының 6-12 күндері «Отбасы апталығына» орай, орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы шам намазына мешітке келген жамағатқа «Ислам – отбасынан басталады» тақырыбында кеңінен уағыз айтты.
Мешітке келген аудан жастарына отбасы болудың маңыздылығы түсіндірілді. Ислам дінінде де отбасылық құндылықтарға үлкен мән берілген. Шариғатымызда әр мәселе жеке ғылым ретінде қарастырылса, соның ішінде отбасы тақырыбы өз алдына «Әл-усрату фи әл-исләм» (Исламдағы отбасы) деп арнайы ғылым болып қалыптасқан. Қоғам отбасыдан басталатындығын ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі