Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы облыстық «Һибатулла Тарази» медресесіне биыл түскен шәкірттермен кездесті. Аудан имамы білім алып жатқан талапкерлерге «білім - инемен құдық қазғандай» екендігін, және медресені үздік бітіріп, дінге қызмет ету керектігін айтты. Онымен қоса, аудан имамы шәкірттерге Жамбыл ауданында да осы медресені үздік бітірген түлектің жұмыс атқаратындығын да тілге тиек етті. Сөз соңында бас имам шәкірттерге оқу жылына сәттілік тіледі.
«Білім – өмір шырағы» деген нақыл сөз дәл айтылған. Білім – бұл қолдағы шырақ. Шырағын жарық жанса, өмірде адаспай мәнді де сәнді ғұмыр кешесін. Білімді болу бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады. Адамның санасы – түбі жоқ теңіз, ал білім теңіз түбіндегі гауһар тас. Сол білімнің шыңына еліміздің жастары көрінеді деп сенеміз!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі