Меркі ауданы, Сыпатай ауылдық №16 орта мектебінің 9-10-11 сыныптары ауылдық имаммен кездесті. Шараға ауыл имамы Абдуманап Дулат қатыстып: "Білім алып, сауатты болу – ислам дінінің ең басты талабы. Қасиетті Құранның алғашқы түскен аяты білім алуға шақырады. Алла Тағала соңғы елшісіне пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ:
«Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білгізді,» -деп, Құранның ең алғашқы аяты «оқы» деп түскен. («Алақ» сүресі,1-5 аяттар) Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ білім турасында машһур хадисте былай айтқан: «Білімді талап ету әрбір мұсылманға парыз», деген. (Ибн Мәжә хадистер жинағы) Осы себепті мұсылмандар дүние тіршілігіне қажетті салаларды дамытып отыруға міндетті. Әрбір адам, дінін сүйетін мұсылман өз саласында биіктерді бағындырып, мамандығын терең игеруі қажет. Сондықтан екі ғылымды да қатар алып жүру – мұсылман үмбетінің негізгі міндеті" - деп атап өтті.
Имам ислам дінінің ғылым, білімге деген ерекше ден қоятынын айтып, бір жеңнен қол шығарып, білімнің әр саласында өз үлесімізді қосып, әлемнің ашылмаған жаңалықтарын зерттеп-зерделеп, діни салада болсын дүниеуи салада болсын еңбек етіп, егеменді еліміз Қазақстанды жоғары мәртебелерге паш еткізуіміз керек. Алла баршамызға екі дүниенің пайдалы ілімін нәсіп етсін! Алла зейінімізді арттырсын деп дұға жасап, оқушыларға терең білім, биік шыңдар тілеп тарқасты.
«Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі