#Жамбыл: "Пайғамбарларға иман" уағызға арқау болды

#Жамбыл: "Пайғамбарларға иман" уағызға арқау болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінің имамы Каримов Рахматулла  бесін намазына мешітке келген жамағатқа «Пайғамбарларға иман» тақырыбында кеңінен уағыз айтты.

"Пайғамбарларға иман – Ислам дініндегі иман негіздерінің бірі. Пайғамбарларға иман ету – олардың адамзатқа арнайы таңдалып, елші етіп жіберілгендігіне әрі жеткізген барлық хабарларына күдіксіз сену деген сөз. Сондықтан әрбір мұсылман баласының пайғамбарлар туралы біршама түсінігі болғаны жөн. Осы тұрғыдан алғанда, оқырманға жол тартып отырған «Пайғамбарларға иман» кітабының берері көп" - деді маман.

Кітап «пайғамбар» сөзінің шығу төркінін, «расул» мен «нәби» ұғымдарының айырмашылығын көрсетіп, пайғамбарларға тән турашылдық, сенімділік, ерекше зеректік, күнә атаулыдан пәктік (исмәт) секілді аңтаңгер қасиеттерді жеке-жеке түсіндіреді. Келген жамағаттың сұрақтарына жауап берілді.

Жамбыл аудандық  мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: