Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының ұйымдастыруымен облыстық «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттеріне арнап көмек жасалды.
Арнайы ұйымдастырылған жәрдеммен бірге, бір қой әкелінді. Ауданның бас имамы «Аса DAMU» тауық фермасының директорымен жолығып, медресеге жұмыртқамен ай сайын қамтамасыз етіп тұратынын жеткізді.
Жамбыл облысының бірінші найб имамы Бақытұлы Нұралы әкілінген көмекке ризашылығын білдіріп, өз батасын берді. Ұйымдастырылған іс-шаралар медресе шәкірттеріне үлкен көмек боларын жеткізді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі