"Тазалық - иманның жартысы" дейді шариғатымызда. Жер бетіндегі ең таза жер ол - Алланың үйі. Мешітке жасалған әрбір жақсылық Алла үшін ұнамды іс.
Мешіттердің тазалығын сақтап тұру үшін күнделікті тазалық жұмыстары жасалуда. Сонымен қатар ай сайын я белгілінген мезгіл сайын ауқымды сенбілік жұмыстары жасалып отырады.
Осындай кезекті тазалық жұмыстары Жамбыл облысына қарасты барлық мешіттерде жүргізілді. Өңірдегі қала, аудан, ауыл мешіттері ғимаратты дезинфекциялап, ішкі-сыртқы, дәретхана, бақ, аула тазалығын жүргізді. Мешіт қызметкерлері, шәкірттер мен жамағаттың атсалысуымен өткен шарада ағаштардың айналасы, кілім тазалығы, жарық балығы толық қадағаланды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

