#Шу ауданы: "Үлкенге құрмет, кішіге ізет"

#Шу ауданы: "Үлкенге құрмет, кішіге ізет"

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үлкенді сыйлау, оның кеңесіне құлақ түру, тәжірибесін ескеру - сүннетке сай амалдан екені ақиқат.

"Қариясы кімнің жоқ болса, жастары болар дуана" деп жауынгер ақын Махамбет бабамыз бекер айтпаған.

Күні кеше Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы Шу қаласының ардагер-ақсақалдарымен келелі кездесу өткізіп, шахардағы діни ахуал жайын әңгімелеп, рухани басқосу жасады.

Кешегінің жасы, бүгінгінің басы болған қариялар Бахтияр Амантайұлымен бірқатар мәселелерге тоқталып, жұмыс бағытын айқындады.

Сондай-ақ қадірлі жандар бас имамның қызметімен құттықтап, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

Өз кезегінде ауданның бас имамы кездесуге уақыт тауып, қажетті кеңес берген ардагерлер ұйымына алғысын білдірді.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: