#ТАРАЗ: Кеңесхан қажы мешітіне жаңа имам тағайындалды

#ТАРАЗ: Кеңесхан қажы мешітіне жаңа имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешітіне ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бұйрығымен Жұмағұл Қанат Әділханұлы имам болып тағайындалды. Осы уақытқа дейін Тараз қаласының орталық мешіті болып келген «Кеңесхан қажы» мешітінің жаңа имамын Жамбыл облысы «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбайұлы жамағатқа таныстырды.

    Айта кетейік, бұдан былай Тараз қаласының орталық мешіті статусы жаңадан реставрацияланған «Әулие ата» мешітіне қайта берілді.

  Жұмағұл Қанат Әділханұлы 1999-2003 жылдар аралығы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында Халықаралық Қазақ-Араб университетін «Дінтану және араб тілі» факультеті бойынша тамамдаған.

2003-2006 жылдары Түркия Республикасы, Дін істері басқармасы, «Хасеки» имамдар институтында білім алған.

2015-2017 жылдары Алматы қаласы, «Шет тілдері және іскерлік каръера» университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистрі

2006-2007 жылдар аралығында Шымкент қаласы, Отырар университеті, тарих-философия факультетінің оқытушысы болып қызмет атқарған.

2007-2013 жылдар аралығы ҚМДБ-ға қарасты «Астана» медресесінің ұстазы

2011-2013 жылдары Астана қаласы, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы

2013-2014 жылдар аралығы Атырау облысы «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорында теолог-дінтанушы қызметінде болды.

2014-2017 жылдары Атырау облысы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының директоры

2017-2019 жылдары Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің Бас имамы

2019-2020 жылдары ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы

2020 жылдың сәуір айынан бері Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры және Тараз қаласы «Ар Рахман Ар Рахим» мешітінің бас имамы болып қызмет атқарған.

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: