Жамбыл ауданы Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінің имамы Керимов Айтжан «Білім апталығы» күнәне орай ақшам намазына мешітке келген жамағатқа, ауыл жастарына «Білімді болу» жайында уағыз айтты.
Жастар арасында туындаған сұрақтарға жауап берді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде де ілім жайында аз айтылмаған. Тіпті, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларына ілім алуды өзі бастап үйреткендігін тарихтан білеміз.
Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) білім турасында машһур хадисте былай айтқан: «Білімді талап ету әрбір мұсылманға парыз», деген.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі