Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылының әкімшілігінде «Айша-бибі» мешітінің имамы Таджибаев Қатарбай ауыл тұрғындарымен дөңгелек үстел өтті. Кездесуде ауыл имамы тұрғындарға "Білім алу – әр адам баласына парыз" жайында кеңінен насихат айтты.
"«Білім – адам баласының ортақ қазынасы» - деп Жүсіп Баласағұни айтқандай, білімді адам көркем мінезімен ортаға сыйыса кетеді. Егер біз ислам ұсынған білімді кісі көркем мінез үлгілерін дәріптеп, иманымыздың кәмілдігін Пайғамбарымыз бен сахабалар секілді іспен көрсете білсек және оны өмірлік дәстүрге айналдыра алсақ, төрткүл дүниенің түкпіріне тарыдай шашылған адамзат баласының исламға деген махаббаты да арта түспек" - дейді маман өз сөзінде.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі