"Һибатулла Тарази" медресе-колледжіне биылғы 2021-2022 жаңа оқу жылына студенттер қабылданды.
ҚМДБ-ның тағайындауымен қабылдау комиссия төрағасы, ҚМДБ-ның Дiни бiлiм және кадр дайындау бөлiмiнiң меңгерушiсiнiң орынбасары С.Аршабаев, комиссия мүшелері ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуә бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Х.Аманқұлов, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжiнiң директоры Қанат Жұмағұл болды.
Сұқбаттасу барысында оқу орнына 16 студент қабылданды. 1 студент Алматы қаласынан, 1 студент Түркістан облысынан болса, 14 студент Жамбыл облысынан.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі