#Тараз: 4 аймақ мешіттері 50 баланы мектепке дайындады

#Тараз: 4 аймақ мешіттері 50 баланы мектепке дайындады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы 4 аймақ мешіттерінің ұйымдастыруымен 50 оқушыға мектеп жабдықтары табысталды.

"Мектепке жол" науқаны аясында балдырғандарға"Ар Рахман Ар Рахим" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл  сыйлықтарын таратып берді. Шарада жеребе тасталып, 8 балаға сөмке берілсе, қалған балаларға  сабаққа қажетті құрал-жабдықтар табыс етілді.

Су жаңа құралға ие болған бүлдіршіндер қуанып жүздері бал-бұл жанып, ата-аналары алғыстарын жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: