Тараз қаласы «Айсұлу ана» мешітіне қалалық «Әулие ата» мешітінде 5 жылдан астам имам қызметін атқарған Баймаханов Ораз Тәжібекұлы имам болып тағайындалды. Тараз қаласының бас имамы Дауренбеков Орынбасар Орымбайұлы ҚМДБ төрағасы, бас мүфтидің бұйрығын оқып, тәжірибелі дін маманын жамағатқа таныстырды.
Мешіт жанашырлары «Айсұлу ана» мешітінде 12 жылдан астам қызмет еткен Қуанышбеков Қанат имамға алғысын айтып, «Орамал тон болмайды, жол болады» деп қаржылай сыйлықтарын беріп қимастықпен қоштасты. Жамағаттан жасы жетпіске келген қария кеткен имамға қайда болса да амандығын берсін деп, жаңадан ауысып келген имамға Алла абыроймен қызмет атқаруды нәсіп етуін сұрап, өз батасын берді.
Баймаханов Ораз Тәжібекұлы 1978 жылы мамыр айының 16 жұлдызында туған.
2009-2013 жылдар аралығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Дінтану мамандығы бойынша бітірген.
2011-2013 жылдар аралығында Тараз қаласы «Иса Ахмет» мешітінің молдасы қызметін атқарған.
2013- 2016 жж Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің наиб имамы, 2016 жылдан бері Тараз қаласы «Әулие ата» мешітінің имамы қызметін атқарған.
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі