Бүгін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде Қазақстан журналистер одағының мүшесі, облыстық "Ақ жол"газетінің тілшісі Есет Досалымен облыстық "Әжелер алқасы "мүшелерінің кездесу өтті.
Шарада жас ерлі-зайыптылардың отбасыларының берік болуы, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас, қыз тәрбиесі, қазақ халқының салт-дәстүрінің жас ұрпаққа әсері жөнінде сүбелі ой қозғалды.
Жиын барысында "Әжелер алқасының" төрайымы Жәмила Жұмабаева, алқа мүшесі Райхан Исахова өз өмірлерінің мағыналы сәттерінен сыр шертсе, алқа мүшелері Базаркүл Шантаева, Нұржамал Қосаева өздерінің алдына ақыл сұрап келген ана мен қыздың арасындағы ренішті иманды сөздерімен қалай тарқатқандарын, ана мен қызды татуластырып жібергендерін толғана айтты.
Кездесуде даңқты жазушы Шерхан Мұртазаның "қырық бірінші жылғы келіншек "кітабының басты кейіпкері Болдықыз әженің қызы, әрі "Әжелер алқасының Гүлшат "мүшесі Қорғанбайқызының өмірінің қызықты сәттері айтылды.
Кездесуді "Әжелер алқасы"жетекшісі Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ қорытындылап, ақын Есет Досалыға алғысын білдірді.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша
әйел-қыздар секторының баспасөз қызметі