Жамбыл ауданы Түрксіб ауылында мешітке келуші жамағаттар мен ауыл кәсіпкерлерінің бастамасымен «Мектепке жол» акциясы өтті.
Акция барысында жағдайы төмен отбасылардың балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар және онымен қоса мектеп киімдерін де алып берді. Қайырымдылық акция 15 отбасыны қамтыды.
Акциядан көмек алған балалардың ата-аналары өз алғыстарын білдірді. Балалардың қуанышына ортақ болған қайырымды жандар әрдайым көмекке дайын екендірін жеткізді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

