Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылы «Айша-бибі» мешітінің имамы Таджибаев Қатарбай бесін намазына келген жамағатқа «Діни білім алудың маңыздылығы» жайында уағыз айтты.
Сауатты да зиялы адамдар білімнің діни және дүниелік деп екі тармаққа бөлінетінін біледі. Діни білім адам өмірінің мәнін түсіндіретін болса, дүниелік білім белгілі бір кәсіпке, қызметке мамандандырады. Адамдардың көбі осы екеуінің бірімен ғана қанағаттанып, екіншісіне өте немқұрайлылық танытатыны өкінішті.
Шындығында, дүниелік оқумен діни білімді, ал діни оқу арқылы дүниелік білімді ала алмайсың. Сол себепті жастар жоғары деңгейдегі университетті бітіре тұрып рухани надан болып қалуы да мүмкін. Керісінше, діни білімді біршама дәрежеде игерген адам да белгілі бір дүниелік білімді меңгерімесе бүгінгі қоғамнан өзінің лайықты орынын таба алмайтыны да рас.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі