Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітіне арнайы іс-сапармен барған ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы бесін намазына мешітке келген жамағатқа «Білім алудың пайдасы» жөнінде кеңінен уағыз айтты. Сонымен қатар, мешітте Қасиетті Құран Кәрім оқылып, мешіт жамағатының діни білімі жетілдірілді. Мешітке арнайы келген аудан имамы мешіттің ішкі-сыртқы тазалығын тексерді. Санитарлық талаптарға сай екендігін тексеріп, мешіт имамы Каримов Рахматуллаға жасап жатқан жұмыстарына алғысын айтып, әрқашан мешіт ауласын таза ұстауды тапсырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі