Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде қыз балаларға арналған сауат ашу курсы басталды. Мешіт ұстазы Бекназарова Жайна қыздарға арнап курс бастады.
Сауат ашу курсы аптасына екі-үш күннен, яғни сейсенбі мен бейсенбі күндері өтіп тұратын болып келісті. Курсқа қатысатын қыздар ұстазға алғыстарын айтып, дән риза екендерін жеткізді.
Игі іске бастама болған ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы қыз балаларға арналған сауат ашу курсының басталғандығымен мешіт ұстазын құттықтап, мешітке келуші қыз балаларға пайдалы ілім болуына тілек білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі