#Рысқұловта өртенген мешіт қайта қалпына келеді

#Рысқұловта өртенген мешіт қайта қалпына келеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Жарлысу ауылдық «Мұрат баба» мешітіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанда кенеттен өрт шығып, мешіт өртеніп кеткен болатын.

Аудан имамы мен ауыл имамдары бірігіп және Жарлысу ауылының тұрғындары мен мешіт жамағаты қолдап, лезде мешітті қалпына келтіру үшін жөндеу жұмыстарын бастады.

Бұл істің бастамасына облыстық орталық мешіттің наиб имамы Ғалымбек Төлегенұлы мен іс-басқарушы Қожахметов Халид арнайы келіп, құрылыстың мән-жайымен танысып, зерделеу жұмыстарын жасады.

Облыстық мешіттен келген имамдар ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлының сәлемін жеткізді. Алдағы уақытта өзі келіп көріп, зиярат ететінін айтты. Дін мамандары Алла үйіне береке тілеп, бата жасады. 

Сонымен қатар, бұл игі іске аудан бас имамы Сұлтаншарип қажы бастаған, Көгершін және Қызылшаруа ауылының имамдары өз үлестерін қосып, қаржылай жәрдемін тигізді.

Түзелбеков Қуаныш

Т. Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: