Меркі ауданы Конституция күніне байланысты имам-молдалар арасында дөңгелек үстел өтті. Меркі ауданының бас имамы Жанықұлов Нұрбек сөз сөйлеп: «Халықсыз билік болмайды, ал – дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы жəне мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тəуелді байланыс бар» - деп, жалпы Ислам дінінің қоғамның арасындағы маңыздылығын тілге тиек етті.
Жиын қонағы аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Мамбетов Ақтөре Сағыналыұлы сөз сөйлеп: Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын» - деп жалпы мәлімет берді.
Негізі заңның преамбуласында Қазақстан халқының мəдениетінің дамуы мен рухани өмірінде ханафи бағытындағы исламның рөлі зор екендігін атап өтіп, жиынға жиылған имам молдалардың істеріне табыс тіледі.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешіті