Жамбыл ауданы Әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен, аудандық орталық «Бәйдібек» мешітінің ұстазы Бекназарова Жайна Конституция күніне орай аудан жастарымен бірге «Отанды сүю – иманнан» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мешіт ұстазы аудан жастарымен кездесуде Отан қорғаудың маңыздылығын дін тұрғысында кеңінен түсіндірді.
Хадисте: «Екі көзге жәһаннам оты тимейді. Алла үшін жылаған көз бен Отан қорғап, түнімен ояу болған көз» деп бұйырғанындай Отанымызды, һәм Ата заңымызды және рәміздерімізді қасиет тұтып, құрметтеу қажеттілігіне баса назар аударғанымыз жөн!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі