Дәстүрі асыл дінімізден бастау алатын бабаларымыздан «асарлату» атты айрықша ғибрат қалған. Ол жамағатты ояу жүруге, адамгершілікті нығайтып, ауыз біршілікке шақыратына даусыз.
Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы Қорағаты ауылдық округі Жиенбет ауылына барып, игілікті істің куәсі болды. Мұнда ауыл имамы Бердібеков Шүкірәлі мырзаның ұйымдастыруымен ауылдың аз қамтылған 3 баласы бар отбасыға көлемі 10 соттық жерге, 5 бөлмелі келбеті келісті баспана кілті табыс етілді.
Аудан әкімінің орынбасары Ә.Балқыбеков, ауыл ақсақалдары қатысқан шарада Бахтияр Амантайұлы осы істің маңыздылығына тоқталып, сауабы мол амал екенін тілге тиек етті.
Жұмыс барысында жұмылып еңбек еткен Жиенбеттіктерге ризашылық сезімін білдіріп, батасын берді.
Сондай-ақ ашылу салтанатына қатысып, Қасиетті Құран аяттарын оқып, Алладан ел мен жерге, жалпы жамағатқа жақсылық тіледі. Баспаналы болған отбасыға қонысымен құттықтап, ықылас жасады.
Байжан Емберді
Шу ауданы «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі