#Шу ауданындағы мешіттер 100 баланы оқу жылына дайындады

#Шу ауданындағы мешіттер 100 баланы оқу жылына дайындады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Білім алу барша адамзатқа ортақ парыз. Ислам ғалымдары дүниелік білімнің маңызына терең тоқталғаны әмбеге аян.

Жыл сайын жаңылмас дәстүрмен мешіт имамдарының қатынасумен «мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасы жүзеге асырылады.

Сондай сауапты тіршілік Шу ауданына қарасты мешіттерде өтті. Атап айтқанда, білім күніне орай 100 оқушыға мектепке қажетті киім, оқу құралдарымен қамтамасыз етілсе, 1 оқушыға планшет сыйға тартылды. 40 балаға шалбар беріліп, 10 балғын толық түрде киіммен қамтылды. Қайырымдылыққа жұмысалған қаражат соммасы 1 млн.теңгені құрады.

Демеушілердің қолдауымен, дін қызметкерлерінің ұйытқы болуымен мұндай шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Байжан Емберді

Шу ауданы «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: