#Жуалы: «Қош келдің, Наурыз» атты кездесу өтті

#Жуалы: «Қош келдің, Наурыз» атты кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 2021 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы «Толымбай тегі Зиябек»  мешітінде ұстаз Жазира Иманалиева мен мешіт имамы Нұрлан мырзаның басшылығы және  «Әжелер алқасы» ұжымы «Қош келдің, Наурыз» атты кездесу өткізді.

Кешті ашқан мешіт бас имамы Наурыз жыл басы және көктемнің құт берекелі мерекесі екенін тілге тиек етіп, ұйым мүшелеріне ізгі тілектерін айтып құттықтады. «Әжелер алқасы» төрайымы Бекзат апа бата беріп, қазақ елінің аман есендігін, ауру сырқаудың елден ұзақтап, нұрлы берекелі жыл болып келуін тілеп дұға жасады.

Ұлттық салтымыздың жалғасы «Тұсау кесу»  дәстүрі жасалып, жасы үлкен апа және мешіт бас имамы ортамызда жүрген екі жас келіншектердің ұлы мен қызының тұсауын кесіп, балапандардың өмірі тәтті, жүректері иманға толған еліміздің адал перзенттері болып өсіп есеюін тілеп бата берді. Ұстаз Жазира Иманалиева Құран хатым жасап, дұға етіп, келіп отырған жамағаттың дүниеден өткен туыс бауыр жақындарына және өмірден өткен барша марқұм болған жандарға дұға етіп, еліміздің тыныш берекелі ел болып, татулықпен біртұтас дамыған қазақ елі болуын Алладан сұрап, ұжым мүшелеріне Наурыз берекелі жыл басы болып, табыспен қуаныш сыйласын деп дұға жасады.

Уөпшілік наурыз көжеден дәм татып, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) насихаттарынан үлгілі көркем мінездері жәйлы уағыз айтылды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: