#Қордай: Әлжан ана ауылында 150 адамға тегін тамақ таратылды

#Қордай: Әлжан ана ауылында 150 адамға тегін тамақ таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Әлжан ана ауылдық мешітінде 150 адамға тегін көже мен палау таратылды.

Мешітке келген көпшілік астан ауыз тиіп, ұйымдастырушы мешіт қызметкерлеріне ерекше шара үшін алғыстарын  білдірді. Айта кетейік, қайырымдылыққа 80 мың теңге қаражат жұмсалды.

Алла: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)» дейді. Әрбір иманды жанның осы аяттан алатын ғибратты да, ізгілікке жол көрсететін өнегесі де баян етілген. Бұл жайында қазақ халқының салт-дәстүрінің сонау белестерінде де көптеп айтылған. Осы бір игілікті дәстүрге айналдырған ел мешіттері "Берекелі жұма" науқанын алдағы апталарда да жалғастырмақ. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: