Бүгін Жамбыл облысының рухани жүрегі орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде Жамбыл облысы Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен сенбілік жұмыстары жасалды.
Мешіт қызметкерлері Алла үйінің ішін, ауласын толық тазартып, көктем мезгіліне арналған дайындық жүргізді. Мешіттің үлкен терезелері, әр қабаты мұқият тазаланып, дәретханасы, ауладағы ағаштар тұтас қаралды.
Сонымен қатар ғимараттың санитарлық нормаға сай құралдары қайта жаңартылып, бірлесе көтерген жүк жеңіл демекші, көпшіліктің күшімен нұрлы мешіт жарқырай түскен-ді.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі