Облыс әкімі «Әжелер алқасының» мүшелерімен кездесті

Облыс әкімі «Әжелер алқасының» мүшелерімен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Машбекұлы облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті жанынан құрылған «Әжелер алқасының» мүшелерімен арнайы кездесті. Кездесу барысында облыс әкімі әдет-ғұрыптарымызды қайта жаңғыртып, ұлттық дәстүрімізді дәріптеуде әжелер алқасының рөлі зор екенін айтып өтіп: «Қазіргі таңда тастанды балалар, жастардың ажырасуы көбейіп кетті. Осындайда әжелеріміз жас буын-өскелең ұрпақты тәрбиелеп, әрдайым ақыл-кеңестерін айтып отырса, тәрбиелі жастар, ибалы қыздарымыз көбейер еді. Сіздерге алғысымыз шексіз. Сіздер сияқты аналарды көрген кезде ерекше қуанам. Ұлттық мейрамымыз Наурызбен сіздерді арнайы құттықтауға келдім. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!». – деді.

«Әйел-Қыздар» секторының Жамбыл облысындағы жетекшісі Гүлжан Серікқызы: «Облыстың барлық қала және аудандарында әжелер алқасы құрылды, қазіргі таңда алқа құрамында 76 әже бар, бүгінге дейін 7 кездесу, 11 іс-шара өткізілді», - деді.

Жиын барысында облыстың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев 2020 жылы облыстағы мешіттер атқарған жұмыстардың есебін баяндады.

Бердібек Машбекұлы әжелерге мерекелік сыйлығын табыс етіп, алдағы атқарар жұмыстарына сәттілік тіледі.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: