Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Әжелер алқасының қатысуымен әдеби тұлғамен кездесу өтті.
Әдебиет сүйер әжелер қауымы ақын, журналист Есет Досалымен жүздесті. Шығармашыл тұлғаның жүрекжарды өлеңдерін тыңдап, әдебиетке бойлады. Поэзия – ақсүйек жанр. Көңілің аппақ, пейілің кең, жүрегің сезімтал, көкірегің ояу, өзің айтқыш болмасаң – жүгін алып жүруің екіталай. Осындай алып өнерді алып жүрген тұлғамен сұқбаттасқан жамағат өз өңірімізден шыққан поэзия майталманын ұйып тыңдады.
Шара соңында сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева ұйым атынан әдеби кештің қонағына сыйлық табыстады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінң баспасөз қызметі