Қордай ауданы Сортөбе ауылында "Хамед бен Бадый" мешітінде ихсан ілімі туралы насихат айтылды. Аудан имамы Асқар Зәкіржанұлының арнайы барып, жүргізген уағызын тыңдауға ауыл жамағаты жиналып, өз сауалдарына дәйекті жауаптар алды.
Сен Алланы көрмесең де, Алла мені көріп тұр деген сезіммен құлшылық жасау, әрбір ғибадатты орындаудағы ықылас турасында өрбіген сүбелі әңгіме көпшіліктің жүрегіне жеткен-ді.
Айта кетейік, мешітте уағыз жиынын өткізу барысында барлық санитарлық талаптар сақталды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі